Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында ер адам мен әйел адамды қағып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам мен әйел адамды қағып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам мен әйел адамды қағып кеткен жүргізуші екі айға қамауға алынды. 8 тамызда сот Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғынына қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Еске салайық, 5 тамызға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарақоға мен Надежка ауылдары арасындағы жол жиегінен екі адамның жансыз денесі табылғаны туралы хабарланған болатын. Жақын жерден баласы бар арба да болған. Бала тірі.

Ажал құшқан жандар осы ауданның тұрғындары болып шықты. Белгілі болғандай, арбадағы бала – ерлі-зайыптының баласы. Ол жедел жәрдеммен орталық аудандық ауруханаға жеткізіліпті.

2022 жылы туған нәрестені қарау кезінде жарақаттар анықталмады. Ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып, кейін оқиға орнынан қашып кеткенін мойындады. Жүргізілген медициналық сараптама Toyota Land Cruiser жүргізушісінің алкогольдік ішімдік ішкенін растады.

 

 

 

Shares