Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » «Қазақстан халқына» қоры мен СҚО әкімдігі тасқыннан зардап шеккендерге 100 үй салу туралы меморандумға қол қойды

«Қазақстан халқына» қоры мен СҚО әкімдігі тасқыннан зардап шеккендерге 100 үй салу туралы меморандумға қол қойды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоры арасында «Солнечный-2» шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 тұрғын үй салу туралы меморандум жасалды. Бұл туралы облыс әкімінің Телеграм арнасында жазылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Айта кетейік, «Солнечный-2» шағын ауданында қысқа мерзімде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін дайын инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.

Бұған дейін Қордың Қамқоршылық кеңесі еліміз бойынша үйлердің құрылысына 10 млрд теңге бөлу туралы шешімді бекіткен болатын. Қосымша, бұл мақсатқа 1-30 сәуір аралығында жиналған ерікті қайырымдылықтардан түскен қаражат бағытталатын болады. 24 сәуірдегі көрсеткіш бойынша қордың шоттарына 2,9 млрд теңге түсті.

Shares