Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қазақстанда бизнеске су тасқынынан келтірілген шығынды өтеу ережелері бекітілді

Қазақстанда бизнеске су тасқынынан келтірілген шығынды өтеу ережелері бекітілді

Шығындарды өтеу сақтандырылған мүлікті қоспағанда жоғалған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіруге жұмсалған шығыстарды өтеу жолымен жүргізілетін болады. Жоғалған тауарлардың құны көтерме бағамен жеткізушілердің сатып алу бағасы бойынша өтеледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 22 сәуірдегі №18 бұйрығында айтылған. Ол 30 қарашаға дейін жарамды», – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Жоғалған тауарлық-материалдық заттардың құны көтерме жеткізушінің сатып алу бағасы бойынша өтеледі», – делінген хабарламада.

Жоғалған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру бойынша жұмыстардың құнын өтеуге негіз мүліктік шығындардың орнын толтыруды айқындау жөніндегі облыстық комиссияның шешімі болып табылады.

Айта кету керек, бұл ережелер агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалдарды өтеуде қолданылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, СҚО-да 100-ге жуық кәсіпорын топан судан зардап шекті. Тізімнің көп бөлігі сауда секторының өкілдері – азық-түлік, құрылыс дүкендері және көтерме сауда нүктелері. Сондай-ақ жиһаз, битум бұйымдары мен металл конструкцияларын өндірушілер, ауылшаруашылық тауарын шығарушылар, қоғамдық тамақтандыру саласының өкілдері, техникалық қызмет көрсету станциялары мен шина дүкендері, мәдени-ойын-сауық орындары және т.б. бар. Қазіргі уақытта солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің су тасқынынан келген шығынын толық бағалау әзірге мүмкін емес.

Shares