Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да монополистер жаңғырту жұмысына 30 млрд теңгеден астам қаражат бөледі

СҚО-да монополистер жаңғырту жұмысына 30 млрд теңгеден астам қаражат бөледі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті 72 қызмет бойынша 57 субъектінің қызметін бақылайды. Мұндай ақпаратты қоғамдық кеңес отырысында ведомство басшысы Дамир Тоқтамысов айтты. Департамент басшысы коммуналдық қызметтерге тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығы туралы егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“7 субъект бес жылдық кезеңге ұзақ мерзімді тарифтер бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынады. 2021 жылдан 2026 жылға дейінгі 5 жылдық тарифтің екінші кезеңі іске асырылуда, оның шеңберінде осы монополистер негізгі құралдарды жаңғыртуға, қайта қалыпқа келтіруге және жаңартуға бағытталатын инвестициялар көлемін тарту бойынша міндеттеме алды. Сома 30 млрд теңгеден асады. Қалған 50 субъект төмен қуатты субъектілер болып табылады. Олар үшін жеңілдетілген мемлекеттік реттеу қолданылады, тиісінше инвестициялар тарту міндетті емес”, – деді табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысы Дамир Тоқтамысов.

Сонымен қатар, Дамир Тоқтамысов “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасын іске асыру туралы айтты.

“Жабдықтың тозуын кем дегенде 15% төмендетуді қамтамасыз ететін ауқымды инвестициялар тарту көзделіп отыр. Жаңа тарифтік саясатты орындау аясында біздің департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қосымша инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізді. Осылайша, жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 2023 жылға жалпы сомасы 1 млрд 128 млн теңгеге инвестиция тартылды”, – деді Дамир Тоқтамысов.

Shares