Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданының басшылығына маңызды тапсырма жүктеді

Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданының басшылығына маңызды тапсырма жүктеді

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға барды. Өңір басшысы Боголюбово, Прибрежное, Надежка, Тепличное және Соколовка ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Ауылдықтарға үйді жөндеу және сатып алу бойынша ережелерді түсіндірді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қызылжар ауданында 1,5 мың үйді су басты, бүгінге дейін 500-ге жуық үй тексерілді. Тұрғын үйлердің пайдалануға жарамдылығын анықтау үшін техникалық зерттеу жүргізілуде. Үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарымен Қызылжар және Аққайың аудандарының механикаландырылған жасақтары айналысуда.

Баспана иелері үйлерін өздері де жөндей алады. Ол үшін мемлекет үй иесінің шотына ақша аударады, сомасы бағалау комиссиясының шешіміне байланысты болады. 

“Аудан басшылығына үйлерді бағалау және техникалық зерттеуді жеделдетуді тапсырдым”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Shares