Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да аудан әкімінің орынбасары 10 млн теңге көлемінде пара алуы мүмкін

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары 10 млн теңге көлемінде пара алуы мүмкін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

“Тергеу сотының санкциясымен «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Shares