Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 100-ден астам адам “Өрт-2024” оқу-жаттығуына қатысты

СҚО-да 100-ден астам адам “Өрт-2024” оқу-жаттығуына қатысты

Қазақстанда “Өрт-2024” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Екі күн бойы бүкіл ел көлемінде профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаттығу М. Жұмабаев ауданындағы Чистовское ауылының маңында өтті. Өрт сөндірушілер табиғи өртті жою бойынша практикалық іс-шараларды пысықтады, оқу-жаттығу шеңберінде халықты хабардар ету және эвакуациялау жүргізді, зардап шеккендерге көмек көрсетті, байланыс және электр желілерін қалпына келтіруді жүргізді.

“Оқу-жаттығу аясында Чистовское ауылы өртке оранды. Зардап шеккендер күйік және жарақатпен жеткізілді, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Жағдай тұрақталды. Алдағы уақытта олар мамандандырылған көмек көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізіледі”, – деді М.Жұмабаева аудандық медициналық қызмет штабының бастығы Айгүл Мағзұмова.

Оқу-жаттығуға СҚО бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің құрамы, Булаев орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар, дәрігерлер мен полицейлер, сондай-ақ байланыс және энергиямен жабдықтау қызметтері тартылды. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан барлығы 111 адам қатысып, 27 бірлік техника жұмылдырылды.

Shares