Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да бизнес үшін электр энергиясына бағалар төмендетілді

СҚО-да бизнес үшін электр энергиясына бағалар төмендетілді

«Севказэнергосбыт» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына баға 1 кВт/сағатына 27,87 теңгеден 25,88 теңгеге дейін яғни 7,1%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Төмендетілген баға 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі. Бағаны төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды. Бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді”, – делінген ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шал Ақын, Аққайын, М.Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Есіл, Жамбыл, Тимирязев аудандарының бизнес өкілдері «Севказэнергосбыт» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Shares