Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда спорттық бағдарламалаудан ҚР чемпионына іріктеу жарысы өтті

Петропавлда спорттық бағдарламалаудан ҚР чемпионына іріктеу жарысы өтті

Петропавлдағы НЗМ-де спорттық бағдарламалаудан Қазақстан Республикасының чемпионына аймақтық іріктеу жарысы өтті. Биыл сайыс еліміздің сегіз облысында ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Петропавлда 20-ға жуық жас өз мүмкіндігін сынау үшін жиналды.

«Шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр, атап айтқанда, аймақтық іріктеу чемпионаты тұңыш рет жалауын желбіретті. Бірінші және екінші орын алған жастарға өз қалаулары бойынша спорттық бағдарламалау федерациясының жобалары беріледі. Қыркүйек айында Астанада спорттық бағдарламалаудан халықаралық олимпиада өткізу жоспарлануда. Үздіктер федерация атынан осы шараға қатысуға жолдама алады», – деді Петропавл қаласындағы НЗМ-нің информатика пәнінің мұғалімі Виталий Мельников, ҚР спорттық бағдарламалау федерациясының өкілі.

Қатысушылар 7 тапсырма орындады. Осы тапсырмалардан кейін чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Таланттар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Shares