Күш – бірлікте: Большая Малышка ауылында өткен сенбілікке 200 адам қатысты
Большая Малышка ауылында 327 үйге су кірді. Елді мекеннің көшелерін ретке келтіру үшін ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және ауыл өміріне бейжай қарамайтын азаматтар үнемі сенбілікке шығады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Екінші рет ауқымды деңгейде аудандық сенбілік өткізіп жатырмыз. Әлеуметтік қорғау басқармасының мамандарына алғыс білдіреміз. 70 адам 19 үйді ретке келтіруге көмектеседі. Олар жалғыз тұратын әжелердің үйінен қираған жиһаздарды, тұрмыстық заттарды шығарады. Шамамен 15 бірлік техника жұмылдырылды. Білім беру ұйымдарының мамандары, аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті азаматтар еңбек етуде. 8 көшеде асфальт бұзылды, оны қалпына келтіру керек. Жолаушылар көлігі басқармасы жолдарды жөндеуге смета жасауға көмектеседі. Сумен жабдықтау жүйесін де қалпына келтіру керек”, – деді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева.
Большая Малышка ауылында өткен сенбілікке жалпы 200-ге жуық адам шықты.