Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО прокурорлары балаларды тасымалдау кезінде орын алған бұзушылықтарды анықтады

СҚО прокурорлары балаларды тасымалдау кезінде орын алған бұзушылықтарды анықтады

Солтүстік Қазақстан облысында тиісті тексерістер кезінде облыстың білім мекемелерінде балалаларды тасымалдауда дөрекі бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Айыртау және Уәлиханов аудандарында мектеп автобустарының жүргізушілері Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің 107,108 тармақтарын бұза отырып, 372 баланы жолға шығу алдындағы медициналық тексерусіз тасымалдаған. М.Жұмабаев және Аққайың аудандарының білім беру ұйымдарында Ереже талаптарына қайшы, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімдер жасалмаған, сондай-ақ автобус жүргізушілері алкогольдік және есірткілік заттарды пайдалану фактісі бойынша медициналық тексеруден өтпеген”, – делінген СҚО прокуратурасының хабарламасында.

Аққайың ауданында 4 білім беру мекемесі Ереже талаптарын бұза отырып, балаларды алғашқы көмек қобдишасыз және жедел жәрдем белгісінсіз тасымалдаған. Қадағалау органының актілері бойынша кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтар жойылды. Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша 1632 баланың құқығы қорғалды.

Shares