Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жедел уәкіл 85 жастағы кейуананы ажал аузынан құтқарды

СҚО-да жедел уәкіл 85 жастағы кейуананы ажал аузынан құтқарды

Мамырдың 17-ші жұлдызына қараған түні Новоишимское ауылындағы Мира көшесінде орналасқан үйдің кіре берісінен өрт шыққан. Өртті Ғабит Мүсірепов аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Өмірсерік Бірім байқап қалған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Полиция қызметкері дереу өрт сөндірушілерді шақырып, қоршаудан өтіп, терезелерді қаға бастаған. Үлкен үйде оны бірден естіген. Сәл уақыттан соң екінші қабатта ұйықтап жатқан 20 жастағы жігіт оянады. Ол үйде 85 жастағы әжесінің бар екенін айтады. Өрт лезде жайылыпты. Үйде электр қуаты болмаған. Қараңғыда Өмірсерік зейнеткерді тауып алып, оятып, үйден аман-есен шығарды. Осы уақытта өрт сөндіру мамандары өртті жоюмен айналысып жатты.

Келесі күні аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжановтың қабылдауына үй иесі — полицейлер құтқарған адамдардың қызы мен анасы келді. Өрт болған түні ол облыс орталығында болған. Әйел адам батылдық танытып, жедел құтқару шараларына кіріскен полицейге алғысын жеткізді.

– Қауіпке қарамастан, Өмірсерік Бірім жақындарымды құтқарды. Шексіз алғысымды білдіремін. Мұндай қызметкерлер – біздің полицияның нағыз мақтанышы, – деді тұрғын.

Shares