Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 3000 бала қала маңындағы лагерьлерде тегін демалады

СҚО-да 3000 бала қала маңындағы лагерьлерде тегін демалады

Ағымдағы жылы жазғы демалыстың және жұмыспен қамтудың әртүрлі түрлерімен 1-сыныптан 10-сыныпқа дейінгі 68 мың білім алушы қамтылмақ. Балалар үшін 204 мектеп жанындағы және 253 бейіндік алаң жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
 
“Ұлдар мен қыздар 27 шатырлы және 7 киіз үй лагерінде демала алады. Балалардың бос уақытын тұрғылықты жері бойынша 30 қосымша білім беру ұйымы және 19 мыңға жуық баланы қамтитын 25 аула клубы қамтамасыз ететін болады. Оқушылар сарайының базасында 2 мың балаға арналған Жазғы Академия жұмыс істейді”, – деді СҚО білім басқармасының бөлім басшысы Мафруза Науанова.
 
Дәстүр бойынша 6 мыңнан астам бала қала сыртындағы 11 лагерьде демалады, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 3 мың балаға тегін жолдама беріледі. 6 маусымға дейін барлық лагерьлер дайын болады. Жазғы маусымның ашылуы 10-15 маусым күндеріне жоспарланған.
Shares