СҚО-ның Ақжар және Тайынша аудандарында оқу-жаттығу жиыны өтеді
04 және 05 маусым күндері Ақжар ауданы Талшық ауылында және Тайынша ауданы Тайынша қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру.
Аталған оқу-жаттығуы әртүрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын болады.
“Осыған орай оқу-жаттығу өткізілетін аймақта автокөлік пен халық қозғалысы уақытша шектеледі. Аудан тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, түсіністік танытуын сұраймыз”, – делінген терроризмге қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық жедел штабының хабарламасында.