Петропавлда эко-акцияға қатысушылар шамамен 500 кг қоқыс жинады
Петропавлда “Туған өлке – Родной край” экологиялық акциясы өтті. Шара барысында колледж студенттері мен еріктілер Жеңіс саябағының аумағын тазартты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Акция марафон түрінде өтті. Игі бастамаға 80 адам қатысты.
“Балалар 10 адамнан тұратын командаларға бөлінді, олар 40 минут ішінде Жеңіс саябағы мен “Солнечный” шипажайы бойындағы қоқыстарды жинау қажет болды. Бізде “Боямасыз базарлық” номинациясы болды. Қыз-жігіттер көліктің бампері мен көрпе тапты. Бірінші орынды Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы жеңіп алды. 181 кг қоқыс үшін оларға музыкалық қондырғы берілді”, – деді “Жастар салауатты өмір салты үшін” ЖҚБ төрағасы Лидия Грабар.
Пайдалы науқан кезінде қатысушылар шамамен 500 кг қоқыс жинады. Күзде осындай іс-шара қалалық жағажайда, сондай-ақ Мещан орманында өтеді.