Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғыны жаңа баспана алды

Су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғыны жаңа баспана алды

Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов жаңа пәтердің тағы бір иегерін құттықтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бескөл ауылындағы Киров көшесінде орналасқан Әлия Хамзинаның үйі апатты деп танылды. Комиссияның барлық кезеңі аяқталды, шешім шықты, қазір азаматша отбасымен бірге қоныс тойын тойлауға дайындалуда.

“Жаңа үй қуаныш пен жайлылық әкелсін! Естеріңізге сала кетейік, ауданда ТЖ салдарынан зардап шеккен адамдарға келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиялардың жұмысы жалғасуда. Ауданда 300-ден астам үй апатты деп танылды. Үшжақты шартқа қол қою рәсімі жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 15 үй сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыс белсенді жалғасуда”, – деп жазды әлеуметтік желілерде Сақтаған Сәдуақасов.

Shares