Мамлют ауданындағы ауыл мектебін күрделі жөндеуге 150 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады
Мамлют ауданындағы Покровка орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер 1982 жылы салынған нысанда істі 24 мамырда бастады. Жоба бойынша барлық жұмыстар 10 тамызға дейін аяқталуы тиіс, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Шатырды ауыстырады, едендерді жаңалайды, үш қабатта қабырғаларды тегістейді, спорт залындағы еден де ретке келтіріледі, кіреберіс аумақ жаңартылады. Қабырғалар бітеледі, кейбір жерлерде үлкен жарықтар бар, өйткені мұнда ұзақ уақыт бойы күрделі жөндеу болмаған, мамандар жылыту жүйесін де ішінара ауыстырады. Қазір шатырды ауыстыру жұмысы жүріп жатыр, бұл жұмыс 40% орындалды. Мердігер жаңбырға байланысты бір апта жоғалтты. Ауа-райы қалай жақсарды, мамандар қайтадан жұмысқа кірісті. Нысанда болып тұрамын, барлық істі бақылаудамын, жігіттер жұмысқа мұқият қарайды”, – деді Мамлют ауданы Покровка ОМ директоры Шынар Мұхаметқалиева.
Оқу орнында мектепалды даярлықтан өткен балаларды есептемегенде, жазғы демалыстан кейін Покровка ОМ-де 144 оқушы білім алады. Ұлдар мен қыздарға 37 мұғалім тәлім береді.
“Нысанда жергілікті “Стройдизайн” ЖШС жұмыс істеуде. Петропавлдан келген компания. Қаражатқа келетін болсақ, ол “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында Покровка орта мектебін жөндеуге бөлінді. Жөндеу жұмыстарына 150 млн теңгеден астам қаржы бағытталады”, – деді Мамлют ауданы білім бөлімінің басшысы Мұрат Ташмағанбетов.