«СевКазЭнерго» АҚ-на 368 млн теңге айыппұл салынды
Ағымдағы жылы ҚР Бас Прокуратураның тапсырмасы бойынша қала прокуратурасы өкілетті органдармен бірлесе отыра «СевКазэнерго» АҚ-ның қызметінде тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша табиғи монополиялар, метрологиялық талаптар, өнеркәсіп қауіпсіздігі, экология, азаматтық қорғаныс, еңбек, электроэнергетика, салық заңнамалары саласында бұзушылықтар анықталды деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«СевКазЭнерго» АҚ-ы метрологиялық тексерістер өтпеген өлшеу құралдарын пайдаланған, бекітілген инвестициялық бағдарлама орындалмаған, қалдықтарды лақтыру бойынша эмиссия нормативтері артық болған, өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған, 2-ЖЭО цехтарында олқылықтар анықталды. Бұл бұзушылықтардың барлығы тексеріс барысында анықталды. Сондай-ақ жалпы сомасы 260 млн теңге болатын бюджетке міндетті төлемдер мен салық сомаларын азайту фактілері анықталды.
«Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша «СевКазЭнерго» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды:еңбек ақыны төлеу бойынша талаптар;қауіпсізді қамтамасыз ету;және еңбекті қорғау ережелері;Табиғи монополиялар туралы Заң;бюджетке міндетті төлемдер мен салық сомаларын азайту;экологиялық заңнамамен қарастырылған міндетті мәліметтерді ұсыну бойынша;рұқсат етілген антропогеннің қоршаған ортаға нормативтік әсері;жалпы сомасы 108 000 000 теңге түрінде айыппұл түрінде өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша заңнама талаптарын орындау»,-деп толықтырды прокуратурада.
Тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттің пайдасына 368 млн теңге көлемінде сома өндіріліп алынды.