Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Большая Малышка және Тепличное ауылдарында сенбілік өтті

Большая Малышка және Тепличное ауылдарында сенбілік өтті

“Таза Қазақстан” акциясы Қызылжар ауданында да жалғасуда. Су тасқыны кезінде аталған ауданда 1,5 мыңнан астам үйді су басты. Осы демалыс күндері топан судан зардап шеккен ауылдарда сенбілік өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Тепличное ауылында күн сайын жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті тұрғындар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылады. Большая Малышка ауылында да сенбілік өтіп тұрады. Мұнда Тайынша ауданынан келген мехбригадалар азаматтарға қоқыс шығаруға көмектеседі”,- деді Қызылжар ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Жанель Батанова.

Қызылжар ауданында зардап шеккен тұрғындардың бәрі 100 АЕК көлемінде біржолғы төлем алды, залалды өтеу жұмыстары жалғасуда.

“Көшемізді тазалау шарасын ұйымдастырдық, әкімдікке рахмет, тұрғындар мен көптеген ұйымдар қоқысты шығаруға көмектесіп тұрады, баршаңызға рахмет”, – деді Қызылжар ауданы Тепличное ауылының тұрғыны Қайыргелді Түгімбаев.

Shares