Жасөспірімдер арасындағы жүктілік: 2023 жылы өңірде 46 жас қыз ана атанды
СҚО-да 38 жасөспірім жүктілік бойынша есепте тұр. 2024 жылдың 5 айы ішінде осы жас санаттағы қыздар 7 рет босанған. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы осы кезеңде аймақта 19 жасөспірім қыз босанған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері 4 кәмелетке толмаған қыз түсік жасатқан. 2024 жылдың алғашқы 5 айында 889 әйел мұндай процедураға жүгінген.
Өткен 2023 жылы 6 мыңға жуық босану болды, 46-сы жасөспірім қыздар арасында тіркелді. Түсіктің жалпы саны – 2 188, оның ішінде жас пациенттерде – 14.