Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Су тасқынынан зардап шеккен 100-ден астам қызылжарлық жаңа үйлерге қоныстанды

Су тасқынынан зардап шеккен 100-ден астам қызылжарлық жаңа үйлерге қоныстанды

Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен жандарға тұрғын үй сатып алу жұмыстары жалғасуда. Аудан әкімі Сақтаған Сәдуақасов өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында атап өткендей, бүгінгі таңда жаңа үйлерге 100-ден астам Қызылжар ауданы тұрғыны қоныстанған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, күн сайын комиссия отырыстары өткізіледі, келгендерге кеңес беріледі.

“Бүгін жаңа үйге Бескөл ауылының тұрғындары Санжар және Айгүл Бейсембаевтар кіреді. Отбасы жеті адамнан тұрады, олардың төртеуі – бала. Тұрғын үйді осы жайттардың барлығына сәйкес таңдау керек болды. Енді әр баланың өз бөлмесі болады. Ерлі-зайыптыларды осындай қуанышты оқиғамен құттықтаймын. Су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Жақын арада басқа да отбасылар жаңа үйлерге көшеді”, – деп жазды әлеуметтік желілерде Сақтаған Сәдуақасов

Shares