Жамбыл ауданындағы жолдарды жөндеуге 1,4 млрд теңге жұмсалады
Биыл Жамбыл ауданындағы жолдарды жөндеуге 1,4 млрд теңге жұмсалады. Бұл қаражат 7 маңызды жобаны іске асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Жоспар мынадай: Железное селосынан облыс шекарасына дейінгі автожол – 18 км, Пресноредуть селосынан облыс шекарасына дейінгі автожол – 12 км. Бұл бағыттарда жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жоспар бойынша жол 15 шілдеге дейін жаңартылады.
Екінші жаз айының ортасында Буденное-Кабань автожолын жөндеуге байланысты конкурстық рәсімдер аяқталуы тиіс. Бұл учаскенің ұзындығы 4,4 км құрайды.
Сонымен қатар, Жамбыл ауданында Пресновка, Буденное, Троицкое, Қайранкөл ауылдарындағы көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 369,5 млн теңге бөлінді.