Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мамлют ауданында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті

Мамлют ауданында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті

Краснознаменное ауылында аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айсұлу Тайменованың төрағалық етуімен Мамлют ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жиында баланың тұрмыс жағдайын қарастыру және кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін аз қамтылған отбасына көмек көрсету туралы сөз қозғалды.

Көшпелі отырыс барысында комиссия мүшелері отбасы жағдайын қарады, тұрмыстық жағдайымен, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың болуымен танысты, қорытынды шығарды, қажет шешімдер қабылдады.

Отырыс барысында мемлекеттік органдарға, атап айтқанда тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға көмектесу, сонымен қатар білім бөліміне жалпы білім беру және мектепте баланы тегін тамақтандыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Shares