СҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының индексі сол күйі қалды
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен еліміздегі азық-түлік қоры мен бағаның қазіргі жағдайын талқылаған жиналыс өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова жеті өңірде, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында баға индексі тұрақты болып отырғанын хабарлады. Ал қалған аймақтарда өткен аптаның қорытындысы бойынша азық-түлік тауарының 8 түріне баға төмендеген.
Кеңесті қорытындылай келе, Серік Жұманғарин күзгі-қысқы көкөністерге келісімшарттың төмен үлесі байқалатын өңірлерге бағаның өсуіне жол бермеу үшін форвардтық шарттар жасасу жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.