Сергеев су қоймасында СҚО мен Түмен облысы спортшыларының Достық жүзуі өтті
30 шілдеде халықаралық достық күні атап өтіледі. Осы күнге орай, сондай-ақ Түмен облысының 80 жылдық мерейтойы мен Сергеев су қоймасының 55 жылдығын мерекелеу аясында Шал ақын ауданында Достық жүзуі өткізілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Ресей-Қазақстан. Шекараларды байланыстыра отыра жүземіз” атауындағы Достық жүзуі СҚО аумағында алғаш рет өтті. 8 спортшы қатысты – екеуі Петропавлдан және алтауы Түменнен.
Жүзуге қатысушы, полиатлоннан ҚР спорт шебері Алексей Музыкантовтың айтуынша, қатысушылар Сергеев су қоймасын жүзіп өтуді жоспарлаған, бірақ қауіпсіздік мақсатында ұйымдастырушылар қашықтықты қысқартыпты.
“Тар аралықпен жүзіп өттік. Белгілі бір нүктеге бардық және кері қайттық. Бұл қашықтық 2300 м құрайды. Түменнен келген жүзушілер әлі де ерекше тәсілмен жаттығады. Мысалы, 16 келілік гір тасымен жүзеді. Олар тіркеген рекорд – 900 м”, – деп бөлісті Алексей Музыкантов.
Шара соңында Түмен облысының спортшылары шақырту үшін және көрсетілген құрмет үшін алғыс білдірді