Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » “Үйіміз 28 шаршы метр болды, қазір 80 шаршы метрді құрайды”: “Бірлік” тұрғыны бүгінгі өмірі жайлы айтты

“Үйіміз 28 шаршы метр болды, қазір 80 шаршы метрді құрайды”: “Бірлік” тұрғыны бүгінгі өмірі жайлы айтты

Татьяна Геворкян 1995 жылы Петропавлға Шымкенттен көшіп келді. Бастапқы кезеңде үй сатып алуға қомақты ақша болмаған. Қолдағы қаржы Ойқала шағын ауданында орналасқан 28 шаршы метрлік екі қабатты ескі үйді сатып алуға жеткен екен. Көпшілік білетіндей, облыс орталығының осы және басқа бөліктері көктемде су астында қалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Үй сатып алғаннан кейін мен анам және ұлыммен тұрдым. Ұлым өсті, үйленді. Үйді соған бердім, баспанада ол, әйелі және үш баласы тұрды. Үй құжат бойынша маған рәсімделген. Мен басқа қалаға көштім. Бір күні топан су ауданға келгенін естідім. Эмоционалды түрде өте қиын болды, туыстарым видео және фото жіберді, үнемі жаңалық көріп отырдым”, – деді “Бірлік” шағын ауданының тұрғыны Татьяна Геворкян.

Азаматшаның жақындары жалдамалы пәтерге көшті. Татьяна Геворкянның отбасы үйді қалпына келтіруге рұқсат етіледі деп үміттенді, бірақ ол апатты деп танылды.

“Өте қорқынышты болды. Біз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекет адамдарға көмектесетінін естідік, бірақ бойда үрей болды, көшеде қаламыз деп қорықтық. Менің ұлым зауытта вахталық әдіспен жұмыс істейді, ал әйелі балалармен үйде отырады. Мен мемлекетімізге қарапайым адамдарды қиын сәтте ұмыт қалдырмағанына ризамын, Президентімізге көмек үшін алғыс айтамын, біз баспанасыз қалмадық”, – деп атап өтті Татьяна Геворкян.

Азаматша мен оның отбасы “Бірлік” шағын ауданына барып, үй таңдады. Жақында қоныс тойы тойланды. Үйде Татьяна Геворкян, ұлы, келіні мен немерелері тұрады.

“Аспан мен жер. Мен ескі және жаңа үйді осылай сипаттай аламын. Ескі тұрғын үй үлкен отбасына арналмаған, айналатын орын жоқ. Ал жаңа шағын ауданда кеңістік жетеді. Бұрын үйіміз 28 шаршы метр болды, қазір 80 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, үйдің ауласы керемет. Іште ең қажетті жиһаздар мен тұрмыстық техника бар. Біз жаңа үйде өмір сүргенімізге өте қуаныштымыз, енді қорқыныш пен уайым жоқ”, – деді “Бірлік” шағын ауданының тұрғыны.

Жергілікті зауыт жаңа қоныстанушыларға төсек, тумбалар, газ плитасын, тоңазытқыш, ас үй үстелі мен орындықтар, кір жуғыш машина берді.

“Біртіндеп үйренісеміз. Біз 100 АЕК алдық, жақында 150 АЕК беріледі. Ақша қажет, өйткені ескі заттар қауіпсіз жерге шығарылмады, олар суда қалды. Бірте-бірте бәрін ауыстырамыз, басты мәселе – тұрғын үй. Ол шешілді”, – деп атап өтті Татьяна Геворкян.

Shares