Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тарихи оқиға: СҚО-дағы Ботай елді мекенінен халықаралық бәйге-марафоны басталады

Тарихи оқиға: СҚО-дағы Ботай елді мекенінен халықаралық бәйге-марафоны басталады

8-13 қыркүйек аралығында  Астана қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бүгінгі таңда оған 80 ел қатысу туралы шешім қабылдады. Жарысқа 2000-нан астам спортшы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Бәйге-марафонының қашықтығы 500 км құрайды, ол “Ботай қонысы” археологиялық объектісінен басталып, Астана қаласына дейін жалғасады. Жол 5 кезеңге бөлінген.

Энеолит дәуірінің археологиялық ескерткіші Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Иман-Бұрлық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Археологтар қоныс аумағынан 400 мыңнан астам артефакт пен ежелгі ботайлықтардың бірнеше жүздеген тұрғын үйін тапты. 2017 жылы Ботай археологиялық ескерткіші Қазақстанның киелі ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында Ботай қонысының археологиялық коллекциясы сақталған. Бұл – I және II халықаралық “Ботай – Ұлы дала мәдениеті” симпозиумына қатысушы суретшілердің суреттері, археологиялық артефактілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары.

Shares