Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жыл басынан бері 200-ден астам өрт оқиғасы болды

СҚО-да жыл басынан бері 200-ден астам өрт оқиғасы болды

Жыл басынан бері облыс аумағында 240 өрт оқиғасы болды. Өртте 16 адам қаза тауып, 28 адам түрлі дәрежеде жарақат алды, оның ішінде 5 бала бар. Өрттің 74%-ы жеке тұрғын үй секторына тиесілі. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Жыл басынан бері департамент қызметкерлері 49 314 тұрғын үйді аралап шықты. Оның барысында 103 мыңнан астам адам ақпаратпен қамтылды. Полиция қызметкерлерімен бірге алкогольдік ішімдіктерді жиі пайдаланатын адамдардың тұрғылықты жерлері бойынша рейдтер жүргізілді, олардың барысында мамандар 456 тұрғын үйге кірді. Облыстың оқу орындарында 4 105 оқушы қамтылған 114 интерактивті және ашық сабақ өткізілді”, – деді СҚО ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

15 тамыздан бастап облыс аумағында 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңіне дайындық бойынша өрт қауіпсіздігі айлығы басталады. Алдын алу шаралары барысында өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй иелерімен әңгімелесуге баса назар аударады, сонымен қатар олар пеш жабдықтарының жарамдылығы мен жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша егжей-тегжейлі ақпар ұсынады.

Shares