Мағжан Жұмабаев ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігімен және аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, СҚО әкімінің өкімімен Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып Рахат Назымбекұлы Смағұлов тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Рахат Смағұлов 1982 жылы 1 шілдеде Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Есілкөл ауданы, Қасқат ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін “Агрономия” мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін “Экономика” мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылдың наурызынан бастап 2005 жылдың наурызына дейін Қасқат ауылдық әкімшілігінің маманы болып жұмыс істеді, Есілкөл ауданы, Омбы облысы, Ресей Федерациясы.
2005 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аққайың аудандық аумақтық басқармасының бас маманы-өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді, Смирново ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы.
2005 жылғы желтоқсаннан бастап 2006 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аққайың аудандық аумақтық басқармасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас маман-мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді, Смирново ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы.
2006 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының өсімдіктер карантині бойынша бас маман-мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді, Петропавл қ., Солтүстік Қазақстан облысы.
2006 жылғы желтоқсаннан бастап 2007 жылғы ақпанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің субсидияларды ресімдеу бойынша бас маманы болып жұмыс істеді.
2007 жылғы ақпаннан бастап 2008 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2008 жылдың сәуірінен бастап 2009 жылдың маусымына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2009 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2009 жылдың тамыз айынан бастап 2010 жылдың қараша айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2010 жылдың қараша айынан бастап 2013 жылдың мамыр айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың мамырынан бастап 2015 жылдың наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2015 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2015 жылғы маусымнан бастап 2019 жылғы қазанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылғы қазаннан-қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді, Нұр-Сұлтан қ.
2019 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді, Петропавл қ., Солтүстік Қазақстан облысы.
2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі болып жұмыс істейді.