Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жанар Құсайын Аққайың ауданының әкімі болып тағайындалды

Жанар Құсайын Аққайың ауданының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша, СҚО әкімінің өкімімен Жанар Поселкеқызы Құсайын Аққайың ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жанар Құсайын 1967 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист. 2019 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, құқықтану.

Еңбек жолын 1988 жылдың тамызынан бастап, 2002 жылға дейін мемлекеттік органдар мен экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

2010 жылғы 29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2020 жылдың 22 мамырынан бастап СҚО әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданының жаңа әкімі Жанар Құсайынды аудан активіне таныстырды.

Жанар Құсайын – СҚО-да екінші әйел әкім.

Shares