Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавл қалалық әкімдігінде көпқабатты үйлердің аулаларына қоқыс тастау жайлы айтылды

Петропавл қалалық әкімдігінде көпқабатты үйлердің аулаларына қоқыс тастау жайлы айтылды

Өткен аптада тасталған ірі көлемдегі қоқыс үшін 8 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Естеріңізге сала кетейік, қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және бүлдіру ескертуге немесе айыппұл салуға әкеп соғады. Жеке тұлға үшін – 20 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК”,-делінген Петропавл қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қалалық әкімдік өкілдері әкімшілік учаскелерді аралайды. Сонда учаскелік полиция инспекторлары халықпен, кәсіпорындармен және ұйымдармен кездеседі. Қоқысты шығару және жинау ережелері туралы, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын айтады.

Shares