СҚО-да бірден екі кәсіпорын тарифті көтеруге шешім қабылдады
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаментіне “СКО ЛескКом” ЖШС және “Кызылжар-ЖКХ” ЖШС тарифті ұлғайту туралы өтінімдер келіп түсті. Маңызды мәселе қоғамдық тыңдауларда қаралды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Кызылжар-ЖКХ” ЖШС жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау бойынша қызметтер көрсетеді. Кәсіпорын тарифті 140% деңгейінде арттыруды жоспарлап отыр. Бұл халық пен басқа тұтынушылар үшін түпкілікті тарифтің өсуіне әкеледі. “СКО ЛесКом” ЖШС кірме жолдар саласында қызмет көрсетеді. Бұл компания тарифті 11% деңгейінде арттыруды жоспарлап отыр. Қоғамдық тыңдауға өңірлік комиссиялардың мүшелерін, сондай-ақ ЖАО, тұтынушылар мен контрагенттерді шақырдық”, – деп атап өтті ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов.
“СКО ЛесКом” ЖШС пайдадан гөрі көп шығынға батқан. Сонымен қатар, серіктестік кірме жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл туралы қоғамдық тыңдауға қатысушыларға кәсіпорын өкілі айтты. Компанияның басты контрагенті “Масло-дел” компаниясы болды. Кәсіпорын өзінің кіреберіс жолын дайындады, тиісінше “СКО ЛесКом” ЖШС табысының бір бөлігін жоғалтады. Олардың клиенттерінің қатарында ЖЖМ жеткізумен айналысатын бизнес субъектілері, сондай-ақ диқандар бар. Қоғамдық тыңдауларда олардың кейбіреулері тарифтің көтерілуіне қарсы болды. Бір қызығы, бұл “Кызылжар-ЖКХ” ЖШС қызметін пайдаланатын Қызылжар ауданының тұрғындарын алаңдатпай отыр. Монополист тариф қыркүйек айында көтеріледі деп сенеді. Бұл мәселеге бейінді ведомство нүкте қояды.
“Талқылаудың түпкілікті шешімге қатысы жоқ. Тыңдаулардан кейін уәкілетті орган өтінімдер шеңберінде барлық қажетті материалдарды зерделейді, содан кейін тариф жобасын, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметасын қарайды. Соның нәтижелері бойынша тиісті қорытынды дайындалады. Осыдан кейін уәкілетті орган жаңа тарифті бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды”, – деп түсіндірді Дамир Тоқтамысов.