Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да су басқан 5 білім беру ұйымының үшеуі оқу жылын бастауға дайын

СҚО-да су басқан 5 білім беру ұйымының үшеуі оқу жылын бастауға дайын

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге тұрғын үй салу және сатып алу мәселелері қаралды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Премьер-Министр су тасқыны салдарын жою және азаматтардың мүлкін қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілсе де, бекітілген кестелерден кешігу фактілері бар екеніне тоқталды.

«Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерді уақытылы тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі міндеті мерзімінде орындалуы тиіс. Республикалық штаб қажетті шешімдерді қабылдады, қаржы толық көлемде бөлінді. Барлық ресурстарды жұмылдырып, жұмысты жандандыру қажет», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Су тасқыны салдарынан еліміздің 6 өңірінде 11 мыңға жуық бала оқитын 40 білім беру ұйымы зардап шекті. Бұл бағытта да қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде атқарылып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында су басқан 5 білім беру ұйымының үшеуі оқу жылын бастауға дайын.

Shares