СҚО-да бұзушылықтар үшін 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
СҚО прокурорлары білім беру саласындағы талдау нәтижесінде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде қызмет көрсеткенде төлемдердің сенімсіз жасалуынан көрінетін өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Облыс әкімдігінің білім басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет және салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, бюджеттік өтінімдерді дайындау кезінде бір реттік мектепте тамақтандыру құнын есептеу кезінде қосылған құн салығының ставкасын ескермеген (12%). Жеткізушілерге (ҚҚС төлеушілерге) тамақтандыруды ұйымдастырғандары үшін төлем бір оқушыға қажетті 647 теңгенің орнына 614 теңге мөлшерінде жүргізілген”,- делінген СҚО прокуратурасының хабарламасында.
Соның салдарынан бұл жағдайлар СҚО білім беру ұйымдарында тамақтандыру қызметін көрсететін 6 кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқты. Қадағалау органының актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру тәжірибесі қайта қаралды, қаржыландыру көлемін 5,6 млн теңгеге ұлғайту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен қосымша келісімдер жасалды. Бұзушылықтар үшін 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.