Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеудің соңғы кезеңі өтті

СҚО-да өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеудің соңғы кезеңі өтті

Петропавлда өңірлік кадрлық комиссия отырысы өткізілді, оның барысында өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеудің соңғы кезеңі өтті. Облыстың өңірлік кадр резервіне іріктеу ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратымен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының СҚО бойынша филиалы негізінде жүргізілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бұл жобаның негізгі мақсаты жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың өңірлік кадр резервіне іріктеудің бірінші кезеңі 1 наурызда басталды. Үміткерлер іріктеудің 4 кезеңінен өтеді. Қатысуға жоғары білімі және кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары жіберілді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші кезеңде 167 үміткер құжаттарын тапсырды. Соңғы кезеңге бес салалық бағыт: агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, сондай-ақ әлеуметтік сала бойынша 34 үміткер жетті.

Барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша облыстың өңірлік кадр резервіне екі жыл ішінде конкурстық іріктеуден өтпей жергілікті атқарушы органдардың басшы лауазымдарына тағайындауға мүмкіндігі бар 20 кандидат кіреді .

Shares