“Тишина Закулисья” студиясының түлектері Мәскеу мен Екатеринбургтің театр университеттеріне түсті
“Тишина Закулисья” студиясының түлектері отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсті. Биылғы шығарылым ең үлкен болып саналады. Бұл жайлы pogodina.kz атауындағы Instagram парақшасында шығармашылық студияның жетекшісі Ринат Исмаилов жазды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“Кейбір балалар өз тағдырын театрмен байланыстырғаны қуантады. Риана Исмаилова Мәскеуде орналасқан Б. Щукин атындағы театр институтына режиссер мамандығына түсті. Бұл университетте Алина Кариковская да актерлік өнерді меңгереді. Ал Илья Беспоместных Екатеринбург мемлекеттік театр институтына қабылданды. Александр Каспанов болса Қозыбаев университетінде мәдени-демалыс қызметін меңгереді. Олеся Сиволап Алматы қаласындағы Менеджмент университетін таңдап, маркетинг пен жарнамаға қызығушылық танытты. Станислав Фатеев бағдарламалауды үйрену үшін Екатеринбург қаласындағы Орал федералды университетіне өтті. Глеб Диденко Түменге билет алды. Ол биоинженерия және биоинформатика бағытында оқиды. Антон Серебряков дін саласына аңсары ауып, Алматыға аттанды”,- деді “Тишина Закулисья” студиясының жетекшісі Ринат Исмаилов.
Ринат Исмаилов оның студиясының түлектері поэзия кештерінің, халықаралық Телекөпірлердің, СҚО кітапханалары және мұражайларымен бірлескен шығармашылық жобалардың тұрақты қатысушылары болып табылатынын айтты.