Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мамлют ауданының әкімі ФАП-тардың құрылысына жауапты мердігерлерге ұсыныс білдірді

Мамлют ауданының әкімі ФАП-тардың құрылысына жауапты мердігерлерге ұсыныс білдірді

Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко Покровка, Новомихайловка және Дубровное ауылдарында салынып және жөнделіп жатқан фельдшер – акушерлік пункттермен танысты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Мердігер ұйымдардың өкілдеріне жұмысты қарқынды жүргізуді, объектілерде жұмысшылар санын көбейтуді ұсындым”,- деп жазды Елена Степаненко өзінің Facebook парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Покровка мен Новомихайловка ауылдарындағы фельдшерлік – акушерлік пункттер “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” жобасы аясында салынуда. Объектілердегі жұмыстарға “Севимстальком” ЖШС жауапты.

Shares