«Нөлден» басталған бизнес: Петропавл қаласының жас тұрғыны өз ісін ашты
Облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны Дарья Новицкая жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің төртінші курсына көшті. Бойжеткен технолог мамандығы бойынша білім алуда. Өзіне күтім жасап, сұлулық саласына қатысты материалдарды оқығанды ұнатады. Дәл осы қызығушылық талапты Дарияны қас архитектурасы және ламинация бойынша тегін оқу курсына жетелеген, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Оқыту курсы шаһардағы «AM studiа» салонында өтті. Менімен бірге 10 қыз тәлім алды. Сабақтар үш күнге созылды. Бізді мамандар қасты қалыптастыруға, түзетуге, бояуға және тұрақты түрде сәндеуге үйретті, үйренгенімізді жасап көрдік, солай тәжірибе жинадық. Маған бәрі қатты ұнады, қажетті білім алдым», – дейді қас шебері Дарья Новицкая.
Бастапқыда бойжеткен өз қастарын әрлеу, өңдеу үшін тәлім алуды жоспарлаған, бірақ кейінірек қызмет көрсету орнын ашуға шешім қабылдады. Сол сәттен бастап Дарья Новицкая кәсіпкерліктің жолына түсті.
“Ашу оңайға түскен жоқ, басқалардың қолдауы болмады, бірақ анам мені қатты қолдады, ол қаржылай көмектесті, біз қыздарды қабылдайтын кеңсені бірге таптық. Мен Instagram арқылы клиенттерді тартамын. Адамдарды тарту үшін ұзақ уақыт бойы төмен бағамен жұмыс істедім. Аудиторияны қабылдағаннан кейін баға сәл көтерілді. Instagram желісінде мені белгілеген жандарға сыйлықтар беремін. Мен енді құрбыларын әкелетін қыздарға жеңілдіктер жасағым келеді”, – деді Дарья Новицкая.
Істі жаңадан бастаған кәсіпкер өз студиясын ашуды және онда өзінен басқа шеберлер жұмыс істегенін армандайды. Айта кетейік, Дарья Новицкая “СҚО Азаматтық Альянсы Қауымдастығы” ЗТБ қолдауымен тегін оқытудан өтті.