Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ауыл шаруашылығы құрылымының басшысы балаларды мектепке жинауға көмектесу үшін 2,6 млн теңгеден астам қаражат бөлді

СҚО-да ауыл шаруашылығы құрылымының басшысы балаларды мектепке жинауға көмектесу үшін 2,6 млн теңгеден астам қаражат бөлді

1 тамыз күні басталған “Мектепке жол” республикалық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларды, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды материалдық қолдауға бағытталған, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бұл бастаманың мақсаты – оқушыларды оқуға қажетті барлық заттармен қамтамасыз ету және тең білім беру мүмкіндіктерін жасау. Демеушілер, меценаттар, әлеуметтік серіктестер, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мектеп және спорт формаларын, аяқ киім мен кеңсе тауарларын ұсына алады.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, “Шағала-Агро” ЖШС директоры Бәри Ғабдолқапар оқу жылы басталар алдында қоластында ата-анасы жұмыс істейтін 70 оқушыға демеушілік көмек көрсеткен. Балалар мектеп формасынан бастап кеңсе тауарларына дейін оқу үшін қажет нәрсенің бәрін алды. Кәсіпкер бөлген көмектің жалпы сомасы 2,6 млн теңгеден асты.

Shares