Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жұмыс аптасы шуақты ауа-райымен аяқталады

СҚО-да жұмыс аптасы шуақты ауа-райымен аяқталады

Бейсенбі күні Петропавлда бұлт көшеді, жауын-шашын болмайды. 12 қыркүйекте облыс орталығында температура +18+20 градус болады, деп хабарлайды QZ News тілшісі “Қазгидромет” РМК СҚОФ сілтеме жасап.

13 қыркүйек күні Петропавлда бұдан да жылы болады. Бұл күні сынап бағанасы +20+22 градусты көрсетеді.

Ал облыс аумағында бейсенбі күні температура +17+22 градусты құрайды. 13 қыркүйекте СҚО бойынша өзгеріс орын алмайды, көрсеткіш +17+22 градуста қалады. Жұмыс аптасының соңына дейін аудандарда жауын-шашын болмайды.

 

Shares