Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Солтүстікқазақстандықтар Петропавлда Көлік министріне сұрақтарын қоя алады

Солтүстікқазақстандықтар Петропавлда Көлік министріне сұрақтарын қоя алады

Жұма, 13 қыркүйек күні ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Кездесу сағат 10:30-да Петропавл қаласы, Қазақстан Конститутциясы көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ғимаратында өтеді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Көлік министрі жол-жөндеу жұмыстарын және министрлікке ведомстволық бағынысты СҚО көлік инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйін тексереді.

Shares