Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Мамлют ауданында энергетиктер суық кезеңге дайындалып жатыр

Мамлют ауданында энергетиктер суық кезеңге дайындалып жатыр

Мамлют ауданының энергетиктері күзгі-қысқы маусымға дайындықты жалғастыруда. Қолға алынған шаралар жергілікті тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасын жақсартып, технологиялық бұзушылықтар қаупін азайтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, жалпы ұзындығы 9,680 шақырым болатын 10 кВ әуе желісінің Андреевка-Трудовое учаскесінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Воскресеновка ауылында 10/0,4 кВ «61 – Контора» толық трансформаторлық қосалқы стансасы жөнделді. Меңкесер ауылындағы 35/10 кВ «Меңкесер» қосалқы стансасын күрделі жөндеу жалғасуда», – деді Мамлют АЭҚ басшысы Вячеслав Кузин.

Сонымен қатар, аудандағы Новодубровное ауылында 87 дана ағаш бағанды темірбетон бағандарға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ барлық траверстер, қақпақтар және ұзындығы 12 шақырым электр сымы ауыстырылады.

Shares