Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да 2024 жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді

СҚО-да 2024 жылдағы алғашқы үшем дүниеге келді

September 24, 2024 12:31

Петропавлда ағымдағы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Қала тұрғыны Юлия Ильяшенко үш қыздың анасы атанды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Қыздар ЭКҰ көмегімен пайда болды. Юлия Ильяшенконың ұлы бар, ол 7 жаста. Бақытты ана атап өткендей, жолдасы екеуі екі егіз қыз қалаған, бір күні дәрігерлер үшемнің болатынын айтқанда, олар жақсы жаңалыққа сенер-сенбестерін білмепті.

“Біріншісін Елизавета, екіншісін Ангелина, ал үшіншісін Маргарита деп атадық. Өзімізді жақсы сезінеміз”, – деп бөлісті Юлия.

Көпбейінді облыстық аурухананың босанғаннан кейінгі бөлімше меңгерушісі Сәуле Мұстафинаның айтуынша, отбасы қыздарды жеті жыл күткен. Босану штаттық режимде өтті. Жоспарлы операция – кесір тілігі жасалған. Бәрі қиындықсыз аяқталған екен.

“Көптен күткен үш сүйкімді қыз дүниеге келді. Тұтастай алғанда, қыздар сап-сау, тек салмақтары аз, үшем болғасын бұл жайтты дұрыс қабылдаймыз. Яғни салмақтары 2 кг-дан сәл артық болады. Қазір олар салмақ жинауда. Қоректену кеуде арқылы жүріп жатыр. Отбасы ақырындап үйге шығуға дайындалуда”,- деді Көпбейінді облыстық аурухананың босанғаннан кейінгі бөлімше меңгерушісі Сәуле Мұстафина.

Аталып өткендей, 2024 жылдың 8 айында облыста 2523 бала дүниеге келді. Оның ішінде 32 егіз және бір үшем бар. Сондай-ақ, салмағы 4 келіден асатын нәрестелер де тіркелді. Биыл олардың саны – 457.

Shares