Жыл соңына дейін СҚО-да ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 93,3%-ды құрауы тиіс
Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 245,7 мың халқы бар 433 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілген. Өңірдің барлық 5 қаласы да таза ауыз сумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Ағымдағы жылы 10 млрд теңгенің 35 жобасы жүзеге асырылуда. Қаражаттың негізгі бөлігі республикалық бюджеттен бөлінген. Жыл қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 93,3%-ды құрайды.
Соңғы 5 жылда СҚО-да ауыз су көздері жоқ 41 елді мекен тұрғындары орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Тайынша ауылының Летовочное, Рощинское және Макашевка ауылдарында ауыз су мәселесі Кеңес одағынан бері шешілмеген. Жүргізілген іс-шаралар шеңберінде суды тазарту жүйесі бар арнайы орын салынды. Нәтижесінде жалпы саны 1,1 мың адам болатын 3 ауылдың