СҚО-да 2024 жылы ауылдарға жұмыс істеуге 566 маман тартылуы тиіс
Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Ағымдағы жылы облыстың ауылдарына 566 маман тарту жоспарланған. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттерден 208,9 млн теңге бөлінді.
Тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен кредит беру үшін республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге қарастырылған. Бұл 136 маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.