Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ның бақандай 255 ауылдық әкімдігі елді мекендерді өрт қауіпті кезеңге дайындай алмады

СҚО-ның бақандай 255 ауылдық әкімдігі елді мекендерді өрт қауіпті кезеңге дайындай алмады

Ағымдағы жылы өрт қаупі жоғары кезең басталғаннан бері облыс аумағында құрғақ өсімдіктер мен қоқыстың 63 жануы орын алды. Жалпы ауданы 7,1 га жер бүлінді. 31 га алаңда 3 дала өрті де тіркелді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Профилактикалық рейдтерді ұйымдастыру үшін азаматтық қорғау органдары, ЖПҚ, орман ұйымдары мен ЖАО қызметкерлерінен тұратын 62 мобильді топ құрылды. Оған 393 адам кірді. Бүгінгі таңда мобильдік топтар 1081 рейдтік іс-шара өткізді, оның барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, ұйымдармен және тұрғындармен нұсқамалық жиындар да ұйымдастырылды. Олар жалпы саны 44 500 адамды қамтыды”, – деді спикер.

Профилактикалық рейдтер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 148 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деді Дмитрий Растихин. Ал әкімдіктерге елді мекендердің өрт қаупі бар кезеңге дайын еместігі туралы 255 ескерту берілді.

“Жиым-терім науқанының басталуымен өңірде ауыл шаруашылығы техникасындағы өрт саны артты, қазірдің өзінде арнайы техниканың жануы мен өрттенуінің 10 жағдайы тіркеліп отыр. Сонымен қатар, жемшөпті дайындау және сақтау кезінде ЖЖҚ бұзылуына байланысты тұрғын үй секторындағы өрттер саны артты. Нақтылай кетсек, ағымдағы кезеңде шөп пен сабан өртінің 18 жағдайы тіркелді”, – деп атап өтті СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Shares