Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдағы облыстық ассамблея қабырғасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы талқыланды

Петропавлдағы облыстық ассамблея қабырғасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы талқыланды

Петропавлдағы Достық үйінде Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жай-күйі мен болашағы талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“ҮЕҰ-лардың бірқатар талаптарынан кейін өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінде азаматтық қоғамды дамытудың қолданыстағы тұжырымдамасын қайта қарау бойынша жұмыстар басталды. Естеріңізге сала кетейік, ол 2020 жылы қабылданған болатын. Содан бері саяси реформалар болды, екі референдум өтті, осының бәрі қоғамның даму тұжырымдамасын қайта қарауды талап етеді. Бұрыңғы кезеңдер бойынша талдау жүргізіп, одан кейін алдағы жоспарларға түзетулер енгізу қажет”, – деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының Қоғамдық үдерістерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым.

Диалог алаңының жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жергілікті еріктілер қатысты.

Shares