Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қостанай облыстық ҚХА-ның белсендісі Юрий Ивлев Петропавлдың көрікті жерлерін аралады

Қостанай облыстық ҚХА-ның белсендісі Юрий Ивлев Петропавлдың көрікті жерлерін аралады

Петропавлда «Қостанай облысының орыс қауымы»қоғамдық бірлестіктің төрағасы, Қостанай облыстық орыс драма театрының директоры Юрий Ивлев болды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

“Юрий Ивлев “Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы” ЗТБ СҚФ өкілдерімен және Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Сапар аясында Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде экскурсияға қатысты”, – деп жазды СҚО бойынша ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Елена Семидоцких Facebook желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, Юрий Ивлев Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында, сондай-ақ Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-өнер колледжінде болды, онда 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.

Shares