СҚО-да таяу күндері күн күрт суытады
«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, 10 қазан күні Петропавлда ауа температурасы +3 +5 градусты құрайды. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бейсенбі күні облыс орталығында күн бұлтты болады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Ал 11 қазанда облыс орталығында сынап бағанасы 0-2 градусты көрсетеді, жаңбыр мен қар жауады, ауа райының қолайсыздығынан боран тұрып, көктайғақ болады. 12 күні Петропавлда сынап бағанасы тағы 0-2 градусты көрсетеді, болжам бойынша сенбіде жауын-шашын түспейді.
10 қазан күні облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, ауа температурасы +3 +8 градус болады, өңірдің оңтүстік-батысында сынап бағанасы +13 градусты көрсетеді. 11 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, боран, көктайғақ болады. Жұма күні СҚО-да ауа температурасы +3 градусқа көтеріледі. Ал 12 күні облыс аумағында 0-2 градус болады, болжам бойынша жауын-шашын болмайды.