Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да ауыл көшелерін жөндеуге 8,2 млрд теңге бөлінді

СҚО-да ауыл көшелерін жөндеуге 8,2 млрд теңге бөлінді

СҚО-да билік өз алдына жалпы ұзындығы 8,4 мың шақырымды құрайтын және елімізде 2 орын алатын жолдардың жағдайын жақсарту міндетін қойып отыр, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Биыл бұл мақсатқа 84,7 млрд теңге бөлінді. Жөндеумен 878 км жол төсемі қамтылды, оның ішіндегі 208 км – республикалық трассалар, 570 км – жергілікті жолдар, 100 км – ішкі көшелер.

112,5 мың адам тұратын 51 ауылдың көшелерін жөндеуге 8,2 млрд теңге бөлінді. Тұтастай алғанда, жыл қорытындысы бойынша жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін республикалық желі бойынша 87%-ға дейін, ал жергілікті желі бойынша 84%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Shares